Кезінде өз продюсерімен жақын араласып, жеке өмірі мен өнеріне нүкте қойған Луина түнгі клубта Кенталмен жақындасып жүрген жерінен ұсталып қалды. Видео Instagram-парақшасындағы kaz_star тобында жарияланды.
Кадрда Луина Кенталды қапсыра құшақтап, мұрнын мұрнына жақындатады. Көпшілік олардың бұл қылығын достық қарым-қатынасқа сая қойтын нәрсе емес деп отыр.
Кентал қазір сүрбойдақтар қатарында. Ал Луина болса, кезінде продюсерімен азаматтық некеде тұрып, тіпті үйленуді де жоспарлаған.