Жақында ғана арзан пиар үшін келіншегін «жезөкше» етіп, көшеде қамшылаған танымал рэпер Жан Ахмадиев бұл жолы студияда жарнама жайлы әңгіме айтып қалыпты. Алайда Рэпердің қисынсыз сұрағына шыдай алмаған әнші Ермек Мұқашев Ахмадиевті әдемілеп тұрып боқтап, шығып кетті.
«Ел арасында жарнама деп қауесет тарап кетті «сені жарнама үшін ауырды» деген. Қатерлі есік менің білуімше оңайлықпен жазылмайды. Сен қалай аяқ асты жазылып кеттің?», – деген Ахмадиевтің сұрағынан кейін әнші абдырап, біраз кібіртіктеді.
Аздан соң «Сенің есің дұрыс-ау деймін иә? Бағанадан неше түрлі сұрақ қойып отырсың, үндемей, жауап бердім», – деп әнші Ахмадиевтің дымын қоймай балағаттап, студиядан шығып кетті.
Ал репэр болса, біраз қобалжып, кетіп қалған әншіні ғайбаттай жөнелді.
«Иә, достар, осындай Ермек Мұқашев секілді санасыз, өзіндік пікірі жоқ әншілердің кесірінен біздің бағдарламасыз тоқтатылды», – деп жобасын аяқтады ол.