$ 443.37  474.49  4.83

Нұржан Керменбаев енді КешYou-дің бұрынғы әншісімен бірге (ВИДЕО)

«Арнау» тобы арқылы дүйім жұртқа танылған Нұржан Керменбаев КешYou тобының бұрынғы әншісі Сара Амангелдімен дуэт құрды. Бірге ән айтып қоймай, олар «Доғар» әніне клип те түсіріп үлгерді.

Керменбаев бұл әнді бұған дейін Шоқан Уалиханмен шырқаған. Соған қарамастан Сара Амангелді әнге ғашық боп, Нұржанға дуэт айту жайлы ұсыныс тастаған.

Осылайша Нұржан Керменбаев пен КешYou тобының бұрынғы солисі осы әнге клип те түсіріп тастады. Көпшілік жаңа туындыдағы Нұржан Керменбаевтың актерлік шеберлігіне тәнті боп, бейнебаянның сәтті шыққанын жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары