$ 494.87  520.65  4.91

Ерке Есмахан ауырып, төсектен тұра алмай қалды

Соңғы кездері телеарналарға да жиі сұхбат беріп, түрлі түсірілімдерде белсенді боп жүрген Ерке Есмаханға көз тиді ме екен, ауырып қалды. Әнші денсаулығы жайлы өзінің Instagram-парақшасына жазды.

«Соңғы кезде ойың мен сөзің өзгерсе, айналаң да өзгереді деген қағида алдымнан жиі шығатын боп жүр. Оған толық көз жеткіздім де…
Өмірде жолы болғыш адамдарды да, өмірге көңілі толмай жүретін ашулы адамдарды да кездестіріп жүрмін. Жолы болғыш ақжолтайлар ешқашан ешкімге ренжімейді, барлық ситуацияны күліп қарсы алады екен. Ал үнемі сәтсіздікке ұшырап, біресе ақшасы болмай, біресе, жұмысы жүрмей, маxаббатта жолы болмай күйзеліп жүретіндер не болса соған ашуланып, болмашы нәрсеге ренжіп жүретін кісілер.
Сонда түйін: адам бақытына өзі себепші, сәтсіздіктеріне де өзі кінәлі! Өкінбей, ренжімей, әр нәрсеге бұртиып шағым айтпай, анау жоқ, мынау жоқ дей бермей, өмір сүріп көріңізші, бәрі өзгереді! Өзгеру, өмірді өзгерту ешқашан кеш емес!

Ал мен бүгін ауырып, төсектен тұра алмай қалдым. Денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін соңғы бір тәулік қатты ұғындырды. Бірақ ауырдым деп шағымданып, күйзеліске түспеймін! Шүкір, менде бәрі супер! Ерке, сен мықтысың ғой жаным, ауырма!» – деп жазды әнші.

Тыңдармандары болса, Ерке Есмаханның денсаулығына алаңдап, оның тезірек сауығып кетуіне тілеулес екендерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары