22.05.2018, 05:36

«Асеке, сізге күйеуге шыққаным қандай жақсы болған»: Асанәлі Әшімовтің әйелі виски ішіп, әлемді аралағанына мәз (ВИДЕО)

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің әйелі бақытты! Ол осы некесінің арқасында әлемді шарлап жүргенін жасырмай айтты. Алайда, бұл сөздерін ол сау ақылмен айтты ма, әлде мастықпен айтып қойды ма, ол жағы белгісіз, өйткені, видеоны түсірген сәтте артисттің жары Бағдат Әшімова күйеуімен бірге виски ішіп отырған.

Аталған видеоны әлеуметтік желіге атышулы рэпер Жан Ахмадиев жүктеген. Ол тіпті, кино ақсақалының әйелін кекетіп бір шумақ өлең де жазыпты. «Қалықтаған шағала, Жан-жағыңа қарама Ең бастысы ВИСКИ мен Асекеңді бағала», - деп жазды Жан Ахмадиев. Бірақ Бағдат ханым телефонға түсірген бейнежазбасының әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенінен бейхабар болып шықты. Айтуынша, бұл видеоны туысқандарына ғана жіберген көрінеді. «Қымбатты адамдар, бұл видео әлеуметтік желіге қалай түскенін білмеймін. 7 май күні Канн қаласын көріп, қуанып тұрған сәтім еді. Әбес көрінсе кешірім өтінемін. Мен көзім жұмылғанша ер азаматымның беделін түсірмей, ер азаматымды пірімдей күтемін», - деп ақталды ол.