$ 445.66  474.58  4.78

Түсіпбаева жоқ: Баян Алагөзова қызының ұзатылу тойына келетін қонақтардың тізімін жасап жатыр

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл жаңалықты Баян Алагөзова тебірене қабылдап, ендігі той қамына кірісіп кетіпті.

Мұны продюсердің Instagram желісіндегі жазбасынан аңғаруға болады. Айта кетелік, кеше Айсәуле Бақытбектің туған күні болды. Туған күнінде сұлудың нәзік саусағына жүріп  жүрген жігіті неке жүзігін тақты. Жігіттің есімі Әлішер, олардың жүріп жүргеніне бірнеше жыл болған.

Instagram желісіндегі жеке парақшасында қызы мен болашақ күйеуі баласының ұлттық нақыштағы киім киіп түскен суретін жариялаған Баян ханым той қонақтарының тізімін жасап жатқанын жазыпты.

«Қонақтар тізімін жасап жатырмын. Кімнің келгісі келеді?» – деп жазды продюсер.

«Құтты болсынды» жаудырған желідегілер бұл жазба астына өзге ойларымен де бөлісті.

Әрине, тойға өнер адамдары қатысады ғой дегендер бұл тізімде болмауы мүмкін адамдардың аты-жөнін жазыпты. Мысалы, Меруерт Түсіпбаева мен Мейрамбек Беспаев. Бұл екеуі де Баянды сынап, жазба жариялап жүр.

Мейрамбектің айтуынша, Баян Есентаева, Динара Сәтжан сияқты шоу-бизнестегі әйелдер тұтастай алғанда қазақ қыздарына үлкен ықпал жасап отыр.

Әнші мұндай әйелдердің көп әрекетін құптамайтынын, әрі осыларға еліктеген қазақ қыздары үшін қатты алаңдайтынын тілге тиек еткен еді.

«Бүгінгі күні қазір ел аузынан түспейтін бір-екі қызға бүкіл қаракөздеріміз ұрынып, солар секілді болғылары келіп жүр.

Мәселен, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқтылар қыздарымызды тәрбиелеп жатыр. Бұл нәрсенің соңы жақсылыққа әкеліп соқтыра ма, жамандыққа әкеліп соқтыра ма білмеймін. Бірақ, қаракөздеріміздің соларға еліктеп жатқандары рас.

Жалаңаш денесін көрсетуді ұят емес дегенді келтіру дұрыс емес. Кей жерде әдепті аттап өтіп жатыр. Мұны сәнге айналдырғандары мені кейде қынжылтады. Мен ондай адамдардың кітабын оқымаймын, уақытымды бос кетіргім келмейді»,– деген еді Мейрамбек Беспаев.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары