$ 445.66  474.58  4.78

Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа бейнебаяны жарыққа шықты (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің жақында ғана жазылған ағылшын тіліндегі «Screaming» әніне бейнеклип түсіріліп, ол жақында көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы даңқты әнші өз Instagram-парақшасында жазды.

«Бүгін түнгі 00.00-де ағылшын тіліндегі байнебаяным көрерменге жол тартпақ. Бейнебаян көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», - дейді ол.

Жаңа әннің композиторы - Muhgal. Ол Versini, Shakira, Rianna сынды мегажұлдыздарға ән жазған.

Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің күні кеше ғана Қытайдың Шенжень қаласында жеке концертін өткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары