Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова Құранды дауыстап оқимын деп сынға қалды. Ол Фатиха сүресін оқыған виедосын Instagram-парақшасына жүктеген.
Әнші Құранды әндете айтқан. Бірақ желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынап тастады. Кейбірі «Мақпал апай, домбыраны қойып, молда болсаңыз күшті болатын сияқты» деп кекетсе, өзгелері Құранды әйел адамның дауыстап оқымайтынын айтуда.
Дегенмен, әншінің өзі болса әйелдің Құранды дауыстап оқуына дін тыйым салмағанын жазды. Мұны ол имамнан естіп алған көрінеді.