$ 444.22  476.38  4.82

Қарақат Әбілдина 5 жасар қыздың тұсауын кесті (ВИДЕО)

Балаларды қорғау күнінде әнші Қарақат Әбілдина 5 жасар қыздың тұсауын кесті. Бұл күні сондай-ақ, перзенттерінің тұсауын әншіге кестіру үшін бір ата-ана сонау Жезқазғаннан арнайы келіпті.

«Бүгінгідей мерекеде сонау Жезқазғаннан ниеттеніп келген бұл ботақанға жоқ дей алмадым енді. Тәй-тәй басқан қадамың құтты болсын Айкүміс. Ал келесі құлыншақтың тұсауы 5-жасында кесілді. Ата-анасы ырымдап осылай шешкен екен, қайтем енді кеше Алматыға барған сапарымда соның-да ретін келтіріп, тілегін орындадым», – дейді Қарақат Әбілдина өзінің Instagram-парақшасында.

Желі қолданушылары бұған «Дардай қыздың тұсауы кесіле ме екен» деген пікір қалдыруда. Ал кейбіреуі болса, Қарақатқа тұсау кестіруге әзірден бастап жазыла бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары