$ 443.85  474.3  4.8

Ерке Есмахан жаңа бейнебаянына пародия түсірген қос бүлдіршінге 100 мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

«Балалар күні» мерекесі қарсаңында Ерке Есхмахан «Аэропорт» әнінің бейнебаянына пародия түсірген қос бүлдіршінге 100 мың теңге сыйлады. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасына жазды.

Жаңа туындысы жарыққа шыққаннан кейін Ерке Есмахан байқау жариялайтынын хабарлаған еді. Өнер иесі сөзінде тұрып, жеңімпаздарға сыйлықтарын да үлестірді.

«Шешім қабылдау оңай болмады. Ұтыс қорына 100 000 теңге тігілді. Қатысушылардың бәріне бергім-ақ келеді. Бірақ… Бірақ мына екі бүлдіршіннің талпынысы ерекше ұнады. Жеңімпаздар – осы екі бүлдіршін! Шешімді өзім қабылдадым! Балалар күні қарсаңында осы балаларды қуантқым кеп тұр. Әділ шешім деп ойлаймын!

Парақшаларындағы өзге видеоларды да қарап шықтым. Анасы балаларын өнерге баулуда еңбектеніп жүргені көрініп-ақ тұр! Бәрекелді! Сый сіздерде! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!Ұтысты алу үшін менің директорым Ақмаралға тікелей xабарласуыңызды сұраймын! Қатысқан жандардың бәріне раxмет! Алда талай байқау бар», – деді ол.

Айта кетейік, байқауға 200-ден аса үміткер қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары