$ 478.93  534.96  5.16

Сәлем салған Жазира Байырбекова көпшілікті өзіне тәнті етті

Әнші Жазира Байырбекова енесіне сәлем салып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол қазір Арал қаласындағы ата-енесінің үйінде қонақта жүр.

Есіктен кіре сала иіліп сәлем слған Жазираның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тарап кеткен. Желі қолданушылары әншіге тәнті болып, инабатты, салиқалы келін екенін айтуда. 

Ал кейбіреулері болса, әр аймақтың сәлем салу дәстүрі әрқалай екенін жазып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі қазақ қоғамында салафилік ағым ұстанушылары келіннің ата-енеге сәлем салуына түбегейлі қарсылық білдіріп жүр. Олар мұны Құдайға серік қосумен бірдей деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары