$ 494.87  520.65  4.91

Құдайды ұмыттың! Күйзеліс жайлы әңгімелеген Алтынай желі қолданушысын ашындырып жіберді

Алтынай Жорабаева желіге күйзеліс деп жаза қап еді, жұрт оны жаппай сөге кетті. Солардың ішінде бірі әншіні қатты айыптап, оның бұл тақырыпта әңгіме қозғамауын сұрады.   

«Қайырлы кеш баршаңызға! Ораза қалай өтіп жатыр? Құрметті қыз-келіншектер! Менімен бетпе бет жақын кездесіп, әнімді тыңдап, ойыңызда жүрген сұрақтарыңызды қойып, (барлық тақырыпта шығармашылық, бизнес, жан сұлулығы, тән сұлулығы) немесе мен күйзелістен қалай шыққанымды, күйзеліске түспеу үшін не істегенімді білгілеріңіз келе ме? Қашан? Қай қаладан бастайтынымды айтамын. Парақшама жазатын боламын Алла қаласа. Кездесу сахнада емес», - деп жазған Алтынай ханымға оқырмандары түрлі пікірлер жазып жатыр.

«Алтынай, жай ма сіздікі? Құдайды ұмыттың-ау. Мен байсыз, баласыз қаңғып, ақыретті көрдім. Бірақ депрессия жайлы әңгіме айтпаймын. Сен не ішем не жеймін демедің. Күйзеліс жайлы әңгіме айтатын сен емес», – деп жазды желі қолданушысы.

Десе де, пікір қалдырушылар арасында әншімен кездесіп, сұхбаттасқысы келетіндер де табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары