Мөлдір Әуелбекова өзіне орысша сұрақ қойған журналиске қазақша жауап беріп, аузын жапты.
Видеода Мөлдір Әуелбекова сахна костюмімен бірнеше камера алдында сұхбат беріп тұрады. Кенет өзіне орысша сұрақ қойған журналиске әнші байыппен «Мен қазақша сұхбат беремін» деп жауап берді.
Көпшілік Әуелбекованы елін сүйетін, патриот деп риза болды.
«Жарайсың, Мөлдір. Елдің бәрі сен сияқты болса ғой», «Мөлдірдің осы қасиеті ұнайды. Алға! Журналистің аузына құм құйылған шығар», – деп жазды желі қолданушылары.