$ 494.87  520.65  4.91

Өмірде алаяқ жігітке тап болған Ерке Есмахан сол оқиғасын фильм қып түсірді

Соңғы кездері әншілер арасында кино түсіру сәнге айналды. Ерке Есмахан да өзін бірінші рет қалың көпшілікке продюсерлік қырын көрсетпек. «Махаббат кафесі» деген фильмнің түсірілімін аяқтауға сәл қалған әнші сценаридің өз өмірінде болған оқиғамен байланысы бар екенін айтады.  

«Кино деген – қысқаша өмір. Кейде өмір де кино сияқты. Біздің киномыздың сценарийінің өзі өмірден алынғандай. Достық, сыйластық, сүйіспеншілік, маxаббат, адамды алдау, үміт, сенім, өкініш сияқты өмірде адамдар қарым-қатынасында болатын жағдайлар осы кинода көрініс тапқан.

Басты рөлдегі Шакенти алаяқтың рөлін сомдайды. Бірақ өмірде сондай адал жан! Жұмысын қатты жақсы көретін жігіт! Шаконың кейіпкері сияқты өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын.
Мені Құдай сақтап, бәрі артта қалды. Өмірлік сабақ болды. Киноның желісі менің өмірімдегі кей жағдайлармен ұқсас. Таң қаламын! Екінші басты кейіпкер өзім ғой.

Кейіпкерімнің образына қатты кіріп кетіп, оның бар сезімін шынайы сезгендей болдым. Кейіпкерім Мақпалды сүйіп қалдым. Киномыздың көп жұмысын бітірдік, азы қалды. Осы жылдың күзінде барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Аллаға сансыз шүкір!» – деп бөлісті Ерке өзінің Instagram-парақшасына

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары