$ 444.32  473.33  4.76

Баян Алагөзова, МС Сайлаубек үйлерін көрсетіп мақтанды (ФОТО)

Қазақстандық эстрада жұлдыздары НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасында үйлерін көрсетіп мақтанды. Көштің басын продюсер Баян Алагөзова бастап, соңын түсініксіз тілде рэп оқитын МС Сайлаубек қоштады.

Баян Алагөзова екінші күйеуі Тұрсын Алагөзовтің жаттығу залын және екі қызының демалатын бөлмесін көрсетті. Сондай-ақ, ол үйінің бір бөлмесін өзінің жеке суреттерімен толтырып қойған екен.

«Бір бөлме тек суреттер қоюға арналған. Шынын айтқанда, тек менің ғана суреттеріммен ғана толып тұр», – дейді өзінің үлкен портреттерін көрсеткен Баян.

Ал, МС Сайлаубек отбасымен бірге Атыраудан Алматы маңына көшіп келіпті. Жеке үйдің аумағы үлкен болғанымен, іші қарапайым ғана. Ешқандай өзгешелік, артықшылығы жоқ. Тек жуынатын бөлмесін рэпер жасыл желекке айналдырыпты. Мұны рэпердің өзі өсімдіктерге қызығатынымен байланыстырды.

«Бұл жуынатын бөлме менікі. Өсімдіктерді қатты ұнатамын. Сол үшін жуынатын бөлмеге қойдым. Өсімдіктердің неше түрлісі бар, бірақ олардың атын ұмытып қалдым», – дейді МС Сайлаубек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары