$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбеліктер домбыра күнін қалай тойлайды?

Биыл Eлбасы шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық Домбыра күнін кеңінен атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Ақтөбе қаласында да осы мерекеге орай акциялар мен мерекелік шаралар өткізіледі деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласындағы барлық перзентханаларда 1 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясы осы күні бірінші жаңа туған нәрестелер үшін салтанатты құттықтау мерекесін өткізіп Ассамблеяның логотипі бар домбыраны сыйға тартады.

Дәл осы күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін «Нұр Ақтөбе» ауданындағы мектеп ауласында, «Орталық» және «Шығыс» базары алаңдарында, «Батыс-2» шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

Қала тұрғындарына мерекелік бағдарламалар, домбыра, вокалшылар, би топтары және ұлттық аспаптар оркестрі мен домбыра орындаушыларының өнерлері ұсынылады. Мерекеге қатысушылар үшін халық әндері мен танымал композиторлардың шығармалары орындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары