$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова әпкесінің қызын өз қолымен ұзатты (ВИДЕО)

Әнші, ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова кеше ғана желідегі парақшасына қызы Мереймен анасының жанында отырған видеосын жариялап еді. Өнер иесінің ауылына ат басын бұруының себебі енді белгілі болды. Әнші әпкесінің қызын ұзатуға кетіпті.

Той Қарағандыда өтті. Жүнісова ұзатуға бас құдағилардың бірі боп барып, лағыл тасты сырға тағып қайтты.

"Аппағым менің" деген сыңсу әнмен қызымызды Айдарына табыстадық. Бақытты болыңдаршы!", - деп жазды әнші желдегі парақшасына.

Айта кетейік, Жүнісованың сіңлісі Арманай Мұғамедияр әншінің туған әпкесінің қызы. Бүгінде отандық телеарналардың бірінде жүргізуші боп жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары