$ 494.87  520.65  4.91

Қарақат та ренжіген: Мақпал Жүнісова желідегі біразын бұғаттап тастағанын айтты

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желілердің ішінен тек Instagram-парақшасын ғана жүйелі түрде қолданады. Ол өзіне жазылған пікірлердің барлығына бірдей жауап беріп, жанкүйерлерімен түскен суреттерді жиі жариялап тұрады. Құдды оқырманмен жақсы байлныс орнатқан жазушы іспетті. Содан ба екен, әншінің парақшасына жағымсыз пікір қалдырушыларды кезіктере қоймайсың. Десе де, Халық артисі әріптестеріне жазылатын ауыр сөздері көргісі келмегендіктен біразын бұғаттап тастаған.

"Адамдардың саған айтқан тілектеріне бір ауыз сөзбен болсын жауап бергім келеді. Көлікте келе жатсам да, арасында тамақ жасап жүріп, арасында қарап қоямын.

Өнер адамдарының бәрін өзімнен алып тастадым. Бірең-сараң ғана адамдар тұр. Ол кісілердің парақшасы менде болған. Ашып қарасам, бізде балағаттауға дайын тұратын адамдар көп екен ғой. Ана кісіні жерден алып, жерге салып жатады. Сонда жаман көңіл күйім түсіп қалады, сол үшін оқығым келмейді. Әріптестерім, әншілер маған ренжиді. "Мәке, бізді неге бұғаттап тастағансыз?" – дейді. Қарақат та, бәрі ренжіген. Қойыңдаршы, сендер туралы жаман нәрсе оқысам жүрегім ауырып қалады деймін.

Желіде жазылып жатқан нәрсе – сын емес, онда сені балағаттай салады. Маған да "сен әнші емессің" деп жазатындар бар. "Оңбағансың", "неге сен шошқадай семізсің?" деп жазды. Мен енді семіз емеспін. Негізі әп-әдемі, сүп-сүйкімді келіншекпін. Құдайға шүкір, өзімнің жасыма лайықты. Жүрегім жас, беттім оттай береді демекші", – деп сөзін қалжыңмен аяқтады әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары