Белгілі әнші Асан Пердешов небәрі 9 сыныпта оқитын 15 жастағы қызға үйленді деген ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде тарап кетті. Qaz_stars тобында жарияланған фотода жас жұбайлардың суреті бейнеленген.
Әншінің тойы қашан, әрі қай қалада болғаны белгісіз. Бірақ, суреттегі қалыңдықтың бет-әлпетіне қарап, оның аузынан сүті кеппеген кішкентай қыз екенін аңғаруға болады.
«Қаншама жасы келген қыздарымыз неге жүріп қалды десем, осындай мектеп оқушылары жасынан ерте, кезектерін күтпей кетіп жатыр екен ғой», – деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.
Айта кетсек, Асан Пердешов мұның алдында бір рет отбасын құрған болатын. Алайда, жарымен көп тұрмай ажырасып кеткен еді.
Бұл ретте отау құрып жатқан әншіні желі қолданушылары құттықтап, бақыт тіледі. Сондай-ақ, қалыңдықтың тым жас екеніне мән берген желі қолданушылары оның жүкті боп қалуы мүмкін екенін айтуда.