Екінші рет отбасын құрып, жас қызға үйленген әнші Асан Пердешов өзін сынағандарға жауап берді. Кеше көпшілік келіннің өте жас көрінетінін айтып, ол желіде қызу талқыға түскен еді.
«Үшінші сыныптың қызы деп жаза салмады ма? Қалай осы пиар етіп желіні ластайды. Мектеп құшағынан кеткелі екі жыл болған. Екінші курс студентін 5 сынып дей салады. Өзі солай жас көрінсе не істиміз енді.Мен бақытты болғым келеді! Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын. Жасырсақ жасырды дейді, жасырмасақ мынау. Мен ғой өнер адамы болғандықтан, бұл пиарға шыдармын, бірақ бір жерде намыстан мөлдіреген көзіне жас алса, кім жауап беретінін біледі ме кен? Дұрыс менен біраз жастау шығар», – деп жазды әнші өз Instagram-парақшасына.
Жас айырмашылыққа қарамастан арамызда махаббат бар деген әнші көпшіліктен ендігіде келіннің жасын талқыламауды сұрады. Сондай-ақ, өзіне пиар жасау үшін үйленбегенін атап өтті.