Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов бұрын ара-қатынастарын елден жасырып келсе, соңғы кездері бірге түскен суреттері мен видеоларын желіге ұялмай жариялап жүр. Тіпті, қос ғашық отбасылық дуэт құруды да ойластырып қойыпты.
Айдарқұлов 90 жылдары Америкада жұлдызы жанып тұнрған «The Fugees» тобының «Killing me softly» әнін орындады. Көпшілік актердің әншілік қырына жоғары баға берді.
Ал Сейітмағамбет болса, орайлы сәтті пайдаланып, отбасылық жаңалықтарын жазып қалды.
«Талантты зяним ғой. Келісесіздер ме? Жуырда жаңа дуэт», - деп жазды Сейітмағамбет желідегі парақшасына.
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов әйел мен бала-шағасын тастап, Ақбота Сейітмағамбетпен діни некеге отырып, 1 бала тапқызған. Шын-өтірігі белгісіз Ақбота екеуінің заңды некелерін қидырғанын айтып жүр.