$ 498.34  519.72  4.85

Жәния Журинская тұрмысқа шығады (ВИДЕО)

Отандық актриса Жәния Журинская жақында тұрмысқа шығады. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында айтты.

Көпшіліктен жеке өмірін жасырынды түрде қалдыратын Жәния кеше ғана желідегі парақшасына «девичник» кешіндегі суретімен бөлісті. Актриса басына ақ фата тағып алған.

Бойдақтықпен қош айтысқалы жатқан ол жақын құрбыларымен бас қосып, өзінің тұрмысқа шығуға келісімін бергенін мәлем етті. Алайда, тележұлдыздың жары болатын азаматтың кім екені белгісіз.

Айта кетсек, мұның алдында телебағдарламалардың бірінде Жәния кездесіп жүрген жігіті туралы ашық айтып, соған тұрмысқа шығатынын жария еткен болатын. Бірақ кейіннен ол жігітпен айрылысып кеткенін жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары