$ 443.85  474.3  4.8

Ұлықпан Жолдасов Данэлияға арнап ән жазып жатыр (ВИДЕО)

Танымал қазақ композиторы Ұлықпан Жолдасов украиналық «Голос. Діти» байқауының жеңімпазы Даниэлия Төлешовамен бірге жұмыс жасап жатыр. Ол жас әншіге жаңа ән сыйламақ.

«Композитор нағыз әншімен жұмыс жасағанда қанаттанады, шығармашылық идеялар туылады. Әлемдік денгейде айтатын Данэлия қызымыздың болашағы жарқын болсын. Елімізді, қазақ өнерін әлемге танытады деген үміттеміз», – деп жазды композитордың келіншегі Айған Жолдасова.

Айта кетейік, былтыр 10 жастағы алматылық әнші Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жеткен болатын. Алғашқы кезеңде ол Stone Cold әнін орындап, барлық қазылар алқасына тәнті етті. Данэлия осы әнін Youtube желісінде 8 млн-ға жуық адам көрген.

Ал финалда «Не твоя война» атты композицияны орындап, көпшілікті таңдандырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары