Өткен аптада ғана Шымкент қаласында актер Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың үйлену тойы өтті. Ұзату тойындағы суреттердің астына желі қолданушылары түрлі жағымсыз пікір жазып тастады. Бірақ қос жұп қашқақтамай, тікелей эфирде көптің сұрағына жауап берді.
Эфирде Шардароваға «Тоқал болуға ұялмайсың ба?» деген сықылды сұрақтар көп қойылды. Әнші оларға күліп қана «Мен бәйбішемін» деп жауап қатты.
Айта кетейік, бұған дейін актер Бауыржан Сатовтың бұрынғы келіншегі «Оның маған деген сезімі өшкен екен. Сол үшін еркіне жібердім» деп желіге жазба қалдырған болатын.