$ 442.05  474.14  4.74

«Екінші әйел алар»: КТА ойыншысы Мереке өзінен кіші күйеуін жалықтырып алудан қорықпайтынын айтты

КТА ойыншысы Мереке Бауыржанқызының өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанын жұрт әлі де сөз қылады екен. Яғни, оған желі қолданушылары «жасың келгенде, күйеуің тастап кетеді» деген сөздер жазатын көрінеді.  

Соған байланысты Мереке көпшілікке жауап берді.

«Менің достарым мен дұшпандарымның уайымы осы. Күйеуім жап-жас, әп-әдемі жігіт! «Ертең сені тастап, жас қызға кетеді» дейді, тағы сенімді түрде. Адамның қалағаны емес, Алланың дегені болатынын ұмытқан ғой. Не де болса әйелдің өзіне байланысты деп ойлаймын. Жалықтырып, шаршатса кетер, не болмаса екінші әйел алар. Бірақ менде осы 100 жылдыққа дайындалған сценарий бар, сондықтан қазір жалықпайды-ау», – деп жазды Мереке Бауыржанқызы өз Instagram-парақшасына.

Айта кетсек, Мерекенің күйеуі өзінен 6 жас кіші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары