Күні кеше ғана «Әгугәй» атты әнінің сөзін жазған ақын Назерке Семейге келіскен қаламақысын бермеген Салтанат Бақаеваның басы дауға қалған еді. Бүгін әншінің композиторға қаламақы бердім деген өтірігін тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек әшкерелеген. Енді эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева бір ұстаздан тәлім алған өнердегі сіңлісі үшін қатты ұялғанын айтты.
«Жерлесім, ақын қызымыздың жан айқайын естіп, Салтанат Бақаева үшін ұялып отырмын. Кешеден бері кірер тесік таппай отырмын.
50 мың теңге. Ұзатудан әншілер қыруар ақша табады. Біреудің еңбегін жеген жақсы емес, Салтанат сіңлім. Екеумізді Машурова олай тәрбиелеген жоқ. Сен қазақтың адал перзенті Роза Қуанышқызының шәкіртісің. Ардақты Тұңғышбай ағаның келінісің. Ұят болады. Кешірім сұрап, 50 емес, 150 мың теңге бере ғой», - деп жазды әнші желідегі парақшасына.