$ 448.15  483.46  4.86

Кубалық әнші: «Қазақстандық қыздар 25-тен асқаннан кейін өздерін кәрі қыз санайды»

Franky Rey тобының негізін қалаушы Франклин Рэйнел қазақстандық қыздар туралы пікірін айтты. Оның сөзінше, біздің бойжеткендер 25 жастан асқаннан кейін өздерін «кәрі қыз» санайды екен. Сөйтіп олар өзіне тән сұлулығын жоғалтып алатын көрінеді деп жазады Время газеті.

Франклин Рэйнел 2009 жылдан бері Қазақстанда өнер көрсетіп жүр. Айтуынша, кубалық топты елімізде тайларға және концерттер, корпоротивті кештерге шақыратындар көп екен. Тіптен репертуарларында Қайрат Нұртастың әндері де барын жасырмайды.

Қаншама қазақ тойларына шығып жүргенімен Франклин жергілікті менталитетті сол күйі түсіне алмапты. Ол қазақстандық қыздармен көңіл қоса алмауының себебін де осымен байланыстырады.

«Мұндағы қазақ, орыс, ұйғыр, украин қыздарының барлығы әдемі. Бірақ сіздерде менталитет өзгеше, маған түсініксіз. Сол себептен мен кубалық қыздарды таңдаймын», – дейді Франклин.

Оның ойынша, қазақ қыздары 25 жастан асқаннан кейін өздерін «кәрі қыз» санап, бойындағы бар сексуалдығын жоғалтып алады екен.

«Кубада қыздардың барлығы сексуалды. Олар ашық мінезді және үнемі көңілді жүреді. Бойында энергия көп. Кубалықтардың өмірге деген көзқарасы басқа. Ал бұл жақтың қыздары көбінесе сабырлы келеді. Үнемі ойланып жүретін сияқты. Олармен көңіл қоса қалсаң, бірден саған тұрмысқа шыққысы келеді. Ал бізде мүлдем басқа. Заңды некеге бармастан бұрын, бірінші бірге өмір сүріп көреміз. Біз өзіміз үшін өмір сүреміз. Ал сіздердің менталитеттеріңіз басқа. 25 жасқа толған қыз егер тұрмысқа шықпаса, онда ол өзін ешкімге керексіз сезінеді. Бойындағы сексуалдығын жоғалтып, өзін кәрі қыз сезіне бастайды екен», - дейді кубалық әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары