Әншейінде келіншегі мен отбасын ел көзінен жырақ ұстайтын Төреғали Төреәлі басына қара бұрт үйіріліп, дауға қалғалы қарындасынан бастап, бүкіл әулетін жарнамалауды шығарыпты. Бұл жолы әнші кеше үйленген жұбайларша келіншегінің қолынан ұстап, тойда би билеп жүр.
Той төрінде әнін орындап тұрған Төреғали Толқынның қолынан ұстап ғашықтарша қиылып қарап тұр. Оның бұл қылығы желі қолданушыларының ашуына тиді.
«Не істеп тұр кеше үйленген жас жұбайлар сияқты? Келіншегі қой десе болады ғой», «Осы Төреғалидің сүйкімі кетті бар ғой. Көрсем басым ауырады», «Келіншегін жарнамалап өткізе алмай жүрме немене. Бұрын көрсетсе қайда қалды?» «Ақсақалды тауып, кешірім сұра», - деп жазды олар.
Десе де, әншінің бұл қылығын құп көріп, жұбайларға қызыққандар да бар.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте қарт кісіге аузына келген сөздер айтып, басы дауға қалған.