$ 494.87  520.65  4.91

Салтанат Бақаева соңына түскен ақын қызға қаламақысын төлеп құтылды

Салтанат Бақаева мен жас ақын қыздың арасындағы елді шулатқан дауға нүкте қойылды. Әнші хит әнінің авторы Назерке Семейге қомақты қаражат беріп, өзінің мойнындағы қарызынан құтылуды жөн санаған деп жазады NUR.KZ.

Жуырда Салтанат Бақаеваның "Әгугай, құрбым" деп аталатын хит әнінің сөзін жазған жас ақын Назерке Семей елге өзінің өкпесін айтып, әншінің өзіне бір тиын да ақша бермегенін жеткізген болатын. Ал әнші болса, Назеркенің бұл әрекетін қызғаныш деп бағалап, оған түрлі сөздер айтқан.

Бұл туралы ақын қыз өзінің желідегі парақшасына жазды.

"Құрметті ағайын! Алланың қалауымен, Бибігүл xаным мен сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бәрі де шешілді. Мәселе ақшада емес, тасада қап жүрген "ақын-сазгер-өңдеуші" үштігінің еңбегінде еді. Алдағы уақытта ешкімнің ақысы желінбейді деген үміттемін! Дұғамды қабыл еткен Аллаға шүкір! Аман болыңыздар! Отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін, жақсы адамдар!", - деп жазды ол.

Ал әнші мен ақынның арасындағы дауға араласып, оынң шешілуіне үлес қосқан журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Салтанат ұсынған қомақты қаражат қайырымдылыққа жұмсалғанын айтты. Оның айтуынша, Назерке еңбегі үшін алған қаражатты көмекке мұқтаж сәбилердің анасына табыстаған.

"Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. "Уф" деп бір дем алдым... Салтанат xанымның адвокатының келісім-шартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым. "Қанша ақша берді?" деген сөзге жауабымды бере алмаймын. Мәселе ақшада емес, ағайын! Әділдікте!!! Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді", - деді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары