Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қап, әлі күнге елге жақпай жүрген Төреғали Төреәлі жұрттың көңілінен шығуға барынша тырысып жүр. Отбасы мүшелерін толық таныстырып болған соң әнші енді фильмге ойыса бастады.
Камедия жанрында өзі түсірген туындыдағы басты рөлді Төреғали өзі сомдаған. Сондай-ақ, ол осы туындыға арнап саундтрек жазған екен. Оны сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербековпен бірге орындады.
«Тұсаукесер! ТТТ&G «Кино көрем» атты жаңа туындысын ұсынады! Жақында жарыққа шығатын «Ұлы дала комедиясы» фильмінің ресми саундтрегін тек YouTube желісіндегі «Той Думан» каналынан тамашалай аласыздар!» — деді әнші.