$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаны бересің бе, бермейсің бе?»: Белгілі ән әрлеуші Жан Ахмадиевтің өзін бопсалағанын айтты (ВИДЕО)

Отандық ән әрлеуші, әрі әнші Бақытқали Қонысбаев атышулы рэпер Жан Ахмадиевтің өзіне қоқан-лоққы көрсетіп, өміріне қауіп төндірмекші екенін мәлім етті.

Айтуынша, ол рэперге ән жазып берген. Алайда, әнді ұнатпаған Ахмадиев одан ақшасын қайтарып беруді талап еткен. Бермеген жағдайда студиясының тас-талқанын шығаратынын ескертіпті.

«Мен, Бақытқали Қонысбаев! Маған Жан Ахмадиев бір әнге тапсырыс берген. Жазып бердім, оған бәрі ұнаған. Енді келіп «Әннің сапасы нашар ақшаны қайтар, немесе тағы бір ән жазып бер» деп қоқан-лоққы көрсетуде. Әйтпесе «атып кетем, мүгедек жасаймын, анау-мынау» дейді. Жігіттік емес қой бұл. «Қазақпыз гой» деп заманауи жырау боп жүрген жігіттің бет пердесін шешу максатында осы видеоны салып отырмын! Менде жерге қарап қалған жігіт емеспін!», – деп жазды Бақытғали желідегі парақшада.

Бейнежазбада Жан Ахмадиевтің Бақытғалидан ақшасын талап етіп, қайтармаған жағдайда музыкалық аппаратурасын алып кететінін айтқан. Сондай-ақ, бейәдеп сөздермен бопсалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары