18.09.2018, 10:38

Өскеменде пәтерден 15 жастағы бойжеткеннің өлі денесі табылды

Көрнекі сурет

Өскеменде көпқабатты үйдің пәтерінен жасөспірім қыздың денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00-де полицияға 19-шы ықшам ауданы, Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Қыздың жасы 15-те және ол колледж студенті болғаны анықталды.

«Денесінде зорлық белгілері бар», - деп мәлім етті ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қылмысты жасады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.