Баян Алагөзова күні кеше ғана туған күнін тойлаған сүйіктісі Тұрсын Алагөзовке ән арнап, сезімін білдірді. Видео күйеуінің Instagram-парақшасында жарияланды.
Баянның екінші жары бұл сыйлыққа жай ғана «рахмет» айтқан. Ал желі қолданушылары орыс тіліндегі әннің мәтініндегі сөздердің сезімге толы екенін жазып, продюсердің даусына мақтаулар жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп салып, сонысы үшін оңбай таяқ жеген. Кейін олар заңды түрде ажырасып, Бақытбек сотталып кетті. Ал былтыр продюсер Тұрсын Алагөзовпен некесін қиды.