Бұған дейін репертуарына түрік әндерін енгізген Әдіжаппар Әлқожа енді Әзірбайжан шығармаларын ұрлауға көшті. Өз кінәсін әнші Instagram-парақшасында мойындады.
Әншінің бұл әні «Gece gece», яғни «Кешірім жоқ» деп аталады.
«Достар, бауырлар, баршаңызды репертуарымдағы соңғы әнмен таныстырғым келіп отыр. Бұл ән өзіме қатты ұнады, қатты жақсы көрдім. Орындағым келді. Репертуарымда әзірбайжанның бір әні болса, қате болмайтын шығар дедім.
Мына бала енді ұрламаймын деп еді. Тағы ұрлапты десеңіздер де, тағы бір мойындайыншы, өтініш», – дейді әнші.
Тыңдармандары әннің өте сәтті шыққанын айтып, өнер иесіне сәтілік тілеп жат.