$ 483.23  534.74  5.12

Төреғали Төреәлі: «Қашанғы өтірік мәдениетті адам боп жүрем?»

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі өзінің өтірік мәдениетті адам болып көрінгісі келмейтінін айтты. 

«Ұлы дала комедиясы» фильмін түсіріп жатқан әнші туындыда өзінің шынайы бейнесін көрсеткен. Алайда, фильмнің жеке өміріне ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді.

«Өтірік басталған жерде ештеңеге жетпейсің. «Шынайылық» деп жүріп шынайы өз бет-бейнемді көрсеттім ғой деймін. Қашанғы жасырып жүрем? Егер мен сондай адам екенмін, онда неге өтірік мәдениетті адам боп жүрем? Кейде фильмде бірге ойнаған серіктесіңді жақсы көрмейсің. Бірақ оны жақсы көргендей ойнауың керексің. Халық – айна. Көзі қырағы көрермен бәрібір өтірік істеп тұрғаныңды көріп қояды», – деді Төреғали Төреәлі «Сөккен әңгіме» интернет жобасына берген сұхбатында.

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары