Алматыда журналистермен кездескен боксшы Геннадий Головкин спортта қай уақытқа дейін жүре алатыны туралы айтты деп жазады Nur.kz.
Боксшының айтуынша, карьера жасау белгілі жаспен шектелмейді. Сол себептен белгілі бір уақытты айту қиын.
«Бокс – ол ең қауіпті спорт түрі. Бір соққы бүкіл өміріңді өзгертіп жіберуі мүмкін. Қазір карьерама қатысты сенімді түрде ештеңе айта алмаймын. Барлық жағдайға дұрыс, әрі оң көзбен қараймыз. Мүмкіндік бар, жанымыз қалап тұр. Онда тек – бокстасамыз», – деді Головкин.
Кездесуден кейін боксшы жанкүйерлерінің жеке сұрақтарына жауап беріп, олармен бірге естелікке суретке түсті.