$ 439.43  473.31  4.82

Қайрат Нұртас Алматыда караоке ашты

Танымал әнші Қайрат Нұртас Алматының орталығынан караоке-клуб ашты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Құрметті менің тыңдармандарым, жанашырларым! Ресми түрде мені құттықтасаңыздар болады! Кеше Алматы қаласында KN караоке клубы ашылды! Бұл бастаманы қолға алып, әрдайым қолдап жүретін Талғат ағама және Әсел жеңгеме үлкен алғысымды айтамын. "100 рет айтқанша, 1 рет көр" дегендей, КН караоке клубына барып, көңіл-күйді 100% көтеріп, жақсы демалып қайтатыныңызға мен кепілдік беремін! Берекелі бизнес болсын», – деді ол.

Қайрат Нұртастың бұл бастамасын желі қолданушылары қолдап, құтты болсын айтты.

Еске салайық, Қайрат Нұртас бұған дейін KN деген брендпен киім сататын бутик те ашқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары