Мәдениет & Шоубиз 11.10.2018 сағат 03:28

Абай Бегейдің тұңғыш қызы жас қызға үйленген әкесіне ренжулі

Жақында ғана өзінен 16 жас кіші қызбен шаңырақ көтерген Абай Бегейді сынағандар аз емес. Әлі күнге оның әлеуметтік желідегі парақшасына жағымсыз пікір жазатындар бар. Тіпті туған қызы да әкесіне әлі күнге өкпелі. Бұл туралы өнер иесін Астана телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында айтты. 

Абай Бегейдің тұңғыш қызы жас қызға үйленген әкесіне ренжулі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Абай Бегей бұрынғы қайын жұртының да өзіне ренжулі екенін айтады. Әкесіне балаларын қарсы қойып жүрген де солар екен.

«Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр. Менің әйелім, Жанаттың анасы, оның туыстары, сіңлілері, оларға алғысым шексіз. Олар да кішкене ренжулі. Әрине, қызғаныш болады. Уақыт өте келе бәрі орнына келеді деп ойлаймын», - деген әнші балаларын Ақтаудан Алматыға көшіріп әкелгенін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар