Мәдениет & Шоубиз 26.10.2018 сағат 06:10  1313

Ерке Есмахан Шымкентте ауруханаға түсіп қалды

Ерке Есмахан аяқ-асты ауруханаға түсіп қалды. Шымкентке барып, «Махаббат кафесі» фильмінің тұсауын кеспекші болған ол көрермендермен кездесе алмаған.    

Ерке Есмахан Шымкентте ауруханаға түсіп қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Достар! Мен киноның xалыққа жол тартатын осы күндерін қатты күтіп едім. Кешеден бері түнімен ұйықтай алмай, мазам қашып, бүгін Шымкентке келіп, есімнен таңып құлап қалдым. Ауруxанадан бір-ақ шықтым. Бүгін шымкенттік көрерменмен бірге кинозалдан фильм тамашалау жоспарланған еді. Бұйырмады. Кешірім сұраймын! Кино шықты деп арқамды кеңге жайып жібергендіктен бе, не болғанын түсінбей қалдым. Жан-жақтан көмек көрсетіп жүгіріп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ары қарай әнші «Махаббат кафесі» фильміне бар күшін жұмсағанын айтып, көрермендердің өзін дұрыс түсінуін және қолдауларын өтінді.

Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын Ерке «Махаббат кафесі» фильмінің тұсауын кескен болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар