$ 444.32  473.33  4.76

Жезқазғандағы тарихи-археологиялық музейде ақын Ақкүлше Ібниқызымен кездесу өтті

9 қараша күні Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Музейлік кездесулер: Алтын қор» жобасы аясында Қазақстан Республикасы білім саласының майталманы Ибраева Ақкүлше Ібниқызымен «Ана. Ақын. Ұстаз» атты кездесу өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Ақкүлше Ібниқызының әріптестері, замандастары, жергілікті мектептердің оқушылары, БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.

Басқосуға қатысушылар кездесу кейіпкеріне арнайы дайындалған слайдты тамашалады. Қонақтар назарына музейдің 2-қабатында орналасқан Ақкүлше Ібниқызына арнап дайындалған баннер ұсынылды. Шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарының құрметіне өлеңдерін оқыды, кездесу кейіпкерімен блиц-сұхбат өтті.

Іс-шара соңында музей басшысы Раушан Қапарова Ақкүлше Ибраеваға естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу қонақтары естелікке суретке түсті.

Ерен еңбек пен қажыр-қайратты талап ететін жұмыстың бейнетіне қарамай, уақытпен санаспай, өз ісіне адал беріліп, барын сала қызмет ететін жандар әр салада кездеседі. Сондай ақынжанды ұстаздардың бірі, саналы ғұмырын ұрпаққа сапалы білім беру саласына арнап, аянбай еңбек етіп жүрген үлкен жүректі, ізгі ниетті жан – Ибраева Ақкүлше Ібниқызы.

Алғашқы ұстаздық еңбек жолын Борсеңгір ауылынан бастайды. 1985 жылы «Балдаурен» балабақшасына меңгерушілікке тағайындалады. Кейін Борсеңгір ауылындағы Аралтөбе совхозының кәсіподақ комитеті төрайымы болып тағайындалады. 1987-1997 жыл аралығында совхоздың кәсіподақ комитетін басқара отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде аянбай тер төгеді. 1997 жылдан бастап, Борсеңгір орта мектебінің оқу-тәрбие ісі меңгерушісі қызметін атқарды. 2007 жылы Жезқазған заң колледжінде математика және логика пәні мұғалімі, 2013 жылдан бастап Қ.Шыңғысов атындағы мектепте ұстаз болып қызмет атқарған Ақкүлше Ібниқызы оқушыларды ғылыми жұмыспен айналысу үшін еңбек етті.

Шәкірттері қалалық, облыстық семинар, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ол «Ұлағатты ұстаз» атты медалінің, Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттардың иегері. «Ақниет», «Айналайын», «Логикалық өлең есептер» атты кітаптың авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары