$ 444.14  477.05  4.85

Қоржында – қос бас жүлде

2018 жыл Жезқазған тарихи-археологиялық музейі үшін жетістіктерге толы болды. Музей директоры Раушан Қапарованың жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ұжым ұйымшыл күйде әртүрлі сайыстарға белсене қатысып, толағай табыстарға кенелуде.

Атап айтсақ, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған сайыста музейдің қос қызметкері бас жүлдені қанжығалап, қала абыройын асқақтатып отыр. Ғылыми қызметкер Кешубай Байділдинов «Өз ісінің шебері» номинациясында үздік танылса, музейдің тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих магистрі Бекзат Балтабеков «Өз мамандығымды мақтан тұтамын» номинациясында оза шапты.

Кешубай Хамитұлы – облыс бойынша өз беделін қалыптастырған, шеберлігінің арқасында көпшілікке танылған музейіміздің қызметкері. Былтыр халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен Қарағанды облысының мәдени күндері қарсаңында біліктілігі мен атқарған жұмыстары облыс тарапынан жоғары бағаға ие болған-ды. Ал, тарих магистрі Бекзат Еспайұлы – бірнеше тарихи жұмыстардың авторы. Сонымен қатар, Бекзат Еспайұлы IT саласын да жетік меңгерген. Шараларда көпшілік назарына ұсынылатын бейнежазбаларды заманауи үлгіде өзі дайындайды.

Әріптестердің қуанышына ортақтаса отырып, алда алар асулары мен жетер жетістіктері мол болсын дейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары