Мәдениет & Шоубиз 12.12.2018 сағат 06:24  297

Қаллеки театры халықаралық форумда гран-при жеңіп алды

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумынан гран-при жүлдесімен оралды деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. 

Қаллеки театры халықаралық форумда гран-при жеңіп алды

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумына ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан, т.б. шетелдік театрлар қатысты. Форумның комиссиясы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Отелло» (Авторы: У.Шекспир, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық әртісі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Золотой Витязь-2018» мүсіншесінің, яғни гран-при иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар