Белгілі әнші Зарина Омарова күйеуінің өзіне 7 млн-ға тон сатып алып бергенін мақтанышпен жеткізді. Бұл туралы ол «Алматы» арнасындағы «Әңгіме болсын» бағдарламасында айтты.
«Ең қымбат киімім – сырт киім. Тонның бағасы 7 миллион теңге тұрады. Негізі үлкен заттарды маған күйеуім алып береді. Мұндай қымбат киімдер бір рет алынады және біраз жылдар киіп жүремін. Аяқ киімімнің де бағасы әжептәуір. Негізінде бір киген нәрсемді қайталап кимеймін. Алайда, біраз уақыттан кейін халық ұмытып кеткен соң, қайта кие бастаймын», – дейді Зарина Омарова.