20.12.2018, 05:58

«Фонограммамен айтқандарға береді»: Мөлдір Әуелбекова «Жыл таңдауы» ұйымдастырушыларын орнына қойды

Әншілер арасында ұйымдастырылатын «Жыл таңдауы» жобасына Мөлдір Әуелбекованың да өкпесі қара қазандай. Жыл сайын өткізелетін шарада әлі күнге бағым жанбады деген әнші жүлденің жөнсіз таратылатынын айтады. 

Әуелбекова марапаттау рәсіміне жыл сайын барса да, құр қол қайтатын көрінеді. 

«Жыл сайын барамын. Маған ешқандай жүлде берілмейді, ешқандай еңбегім бағаланбайды. Мен қанша рет ол жерде жанды дауыста айтсам да, көз алдымда фонограммамен айтып кетіп жатқан әншілерге беріп жатады марапатты. 

Мұнымен келіспеймін. Сол себепті менің қаншама жылдық еңбегім бағаланбай жатқан жерге, мен баруға міндетті емеспін», – дейді әнші  31-арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожа «табиғи дауыста ән шырқасам да, бұл жүлдеге ие болмадым» деп наразылығын білдірген. 

Биыл «Жыл таңдауы – 2018» жүлдесіне Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, «Жігіттер» тобы, Ғаділбек Жанай, Айдана Меденова, Бейбіт Қошқалиев, Ұлықпан Жолдасов, Мәдина Сәдуақасова, Арман мен Аша т.б. әншілер ие болды.