$ 446.49  475.38  4.79

«Денсаулығым болмады»: Мақпал Жүнісова не себептен ерте балалы болмағанын айтты

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің не себептен ерте балалы бола алмағанын айтты. Көпбалалы отбасынан шыққан ол жалғыз қызы Мерейді кеш босанған. Денсаулығына аса күтіммен қарайтын Мақпал Жүнісова бұл жайында «Астана» арнасындағы «Сырласу» бағдарламасында айтып берді.

«Менің денсаулығым онша жақсы болған жоқ. Оның алдында бір-екі балам түсіп қалды. Бірнеше рет ота жасаттым. Осындай қиындықтардан өттім. Тұрмысқа өте кеш шықтым. Зәкең мені 26 жасымда қағып алып әкетті. Ол уақытқа дейін еш тұрмыста болмадым. Тоғыз жыл жатақханада тұрдым. Төрт қыз бір бөлмеде жаттық. Құдайға шүкір, әп-әдемі қыз болдық. Талай жігіт жүрегін ұстап, ғашықпын дегендері болды. Бірақ біз ол кезде айына 60 концерт беретінбіз. Былайша айтқанда, үкіметке жұмыс істеп, уақытымызды өткізіп алдық», – дейді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ, әнші кездесіп жүрген жігітінің басқа қызға үйленіп кетіп, сол ғашықтық дертімен 4-5 жыл уақытын бос өткізіп алғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары