$ 447.4  477.55  4.76

«Әнші қыздардың бірі алды»: Мақпал Жүнісова концертте алтын әшекейлерінің ұрланғанын айтты

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісованың Астанада өткен «Ән мен әнші» концертінде қымбат әшекейлері жоғалып кеткен. Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Жүнісова сол күні кештен кейін әншілермен бірге Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасына қонаққа барған. Ал сырға мен жүзікті ол сыйлық ретінде Қарақатқа алыпты. 

«Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін. Астанада өткен «Ән менен Әнші» концертінен кейін көзден ғайып болды. Жалпы «ұрлық түбі – қорлық» екенін ұмытпаған абзал. 

Әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында бояндырып, киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым. Өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді. Одан кейін Қарақаттың үйіне дәмге шақырды. Ол жерде мен кішірек сырғамен болдым. Өте ыңғайсыз екен. Бұдан кедей боп қалмаспын. Дегенмен өте сақ болатын болдық», – деп жазды әнші.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары