$ 524.58  551.91  4.93

«Сұлулығыңа басқа еркектер тамсанбасын...»: Баян Алагөзованы күйеуі туған күнімен құттықтады

Белгілі продюсер Баян Алагөзованы екінші күйеуі Тұрсын Алагөзов туған күнімен құттықтады. Ол 45-ке келген Баянға ақ тілегін айтып, махаббат сезімін тағы да қарша боратты.

«Сенің әсем қалпың бір кездері мені есімнен таңдырды. Бірақ, сұлулығыңа басқа еркектер тамсанбасын. Тал бойыңдағы парасаттылығың мен іскерлік қасиетің сені одан сайын тартымды ете түссін. Осындай жарқ-жұрқ еткен әйелдің жанында барлығы қатып қалсын. Әр уақытта ашық, көңілді және шынайы болып қала бер. Не болса да, бәрі жақсылыққа болсын. Осыны ешқашан есіңнен шығарма. Шығармашылықпен тоқтаусыз айналыса бер. Өз идеяларыңмен, жарқын ойыңмен айналадағыларыңды одан сайын таңғалдыра түс. Туған тілің – қазақ тілін жетік білуіңе тілектеспін. Сен Жер бетіндегі ең керемет әйелсің. Туған күніңмен, қымбаттым менің! Сені сүйемін», – деп жазды Тұрсын Алагөзов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Тұрсын Алагөзв пен Баян және екінші қызы Айару үшеуі шетелде қыдырып жүр.

Еске салсақ, Баян Алагөзованы 2016 жылы бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев өзінің көзіне шөп салғаны үшін соққыға жыққан болатын. Кейіннен арада көп уақыт өтпей продюсер көңіл жарастырған Тұрсын Алгөзовқа тұрмысқа шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары