$ 444.32  473.33  4.76

Анасына 101 роза сыйлаған Мақпал Жүнісованың қызына жұрт сүйсіне қарады (ВИДЕО)

Өмірінің 55-көктеміне қадам басқан әнші Мақпал Жүнісоваға гүл сыйлаған Мерей Заманбекқызына жұрт сүйсіне қарады. 

Instagram әлеуметтік желісіне бөліскен видеосында Мерей анасына 101 роза сыйлап, ән шырқайды. Көпшілік бұл көрініске риза боп, әншіні туған күнімен құттықтап жатыр. 

Мәселен, @begim_kerim есімді тыңдарманы: «Мақпал апай, туған күніңіз құтты болсын! Қызыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіз» десе, әнші Ақбота Керімбекова: «Аллам жар болсыншы сізге. Құтты болсын төл мерекеңіз әпке. Бар бақытты тілеймін», – деп тілектерін жаудырды. 

Сондай-ақ желі қолданушылары Мерей Заманбекқызының болашығанан зор үміт күтетіндерін де жазып жатыр. 

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы көз жұмғаннан кейін жары Мақпал Жүнісова қызы Мерейді жалғыз өзі тәрбиелеп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары