Мәдениет & Шоубиз 11.01.2019 сағат 04:34

«Бала көтеруге болады»: Ләйлә Сұлтанқызы не себептен артық салмақ қосқанын айтты

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақытта не себептен артық салмақ қосқанын айтты. Қазір ол 2019 жылда бала көтеру үшін Оңтүстік Кореяда денсаулығын сауықтырып жүр.

«Бала көтеруге болады»: Ләйлә Сұлтанқызы не себептен артық салмақ қосқанын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тележүргізушінің айтуынша, екі жыл бұрын шетелдік дәрігерлер оған дұрыс тамақтанып, спортпен айналысуға және артық салмақ қосуға кеңес беріпті.

«Сауығу үшін семірдім. Әйтпесе болмайды екен. Осыдан 3 жыл бұрын бастан бақайға дейін толық тексерістен өткен едім. Қорытындысы бойынша денсаулығымнан 4-5 кінарат анықтаған. Соның екеуінен ғана мысал келтірейін. Дәрігерлер берген нұсқаулықты бүгінге дейін дұрыс орындауға тырыстым: дұрыс тамақтандым, спортпен шұғылдандым, күйзеліске бой алдырмадым, көңілді жүруге тырыстым. 2016 жылы маған нефраптоз диагнозын қойған еді. Яғни, оң жақ бүйрегім сәл төмен түсіп тұрған. Дәрігер спортпен шұғылданып, кішкене салмақ қосуға кеңес берді. Бүйрегім орнына келсін деп спортпен тұрақты түрде айналыстым және семірдім. Содан бүйрегім де, оны уайымдаған жүрегім де орнына түсті. Жыл сайын маммография мен УЗИ-ден қатар өту керек деген ескертуге құлақ аса бермейтініміз рас. Олардың да нәтижесі дұрыс шықты, шүкір. Сонымен 2019 жылғы тексеріс денсаулығымның 100% сау екенін көрсетті. Енді мұндай денсаулықпен бала көтеруге болады, бұйыртса», – деп жазды тележүргізуші Instagram-парақшасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар