$ 494.87  520.65  4.91

«Суық тимей ме?»: Қақақған қыста баласын далада емізген Айжан Байзақоваға жұрт ашуланды

Бір жарым ай бұрын ғана босанған атышулы Айжан Байзақова қақаған қыстыңгүні баласын далада емізіп, жұрттың ашуына тиді.

Ал өзінің айтуынша, ол ұлын кез келген жерде емізуге даяр екен. Сондай-ақ, бұл қылығынан ұялмайтынын жеткізді.

«Ұялмастан ұлымды көшеде отырып емізе беремін. Кез келген жерде бала емізу ұят па? Маған қасымда кетіп бара жатқан адам тыр жалаңаш болса да бәрібір. Ал «ұятмендер» бала емізіп отырған әйелдің төсін көруге қалай қарайды екен? Маған сол қызық. Мына жерде маған жұқа киініп алыпсың деп сөгіп отырсыздар. Біріншіден, мен мұздауық адама емеспін. Ұлымды да қымтамаймын, бөлмені желдетіп тұрамын. Кейде баламды киімсіз жатқызамын», – деп жазды Айжан Байзақова Instagram-парақшасында.  

Өз кезегінде желіде отырған аналар Байзақованың сөзін қостай кетті. Ал кейбіреуі болса, баланың жағдайына алаңдаушылықтарын білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары